Қазақстанда 1WIN онлайн-казиносына қатысты тергеу жүргізілуде

АҚМ 1WIN онлайн-казиносына қатысты ірі тергеу жүргізіліп жатқанын Exclusive.kz хабарлайды.
– Қазақстанда ғана емес, ТМД елдері мен алыс шетелдерде де жұмыс істеген «1WIN» онлайн-казиносының заңсыз қызметі бойынша алдын ала тергеу Алматы облысы бойынша АҚМ департаментімен жүргізілуде. Заңсыз құмар бизнесін ұйымдастырудан бөлек, онда мыңдаған азаматтарымыз тартылған, сондай-ақ онлайн-платформа тиісті лицензиясыз букмекерлік қызметтер көрсеткен. Сонымен қатар, ақша қаражаттары интернет-эквайринг арқылы және аутентификациясыз қабылданған, бұл кәмелетке толмағандардың да құмар ойындарға қатысуына мүмкіндік берген, – деп хабарлайды ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
Тергеу аясында тәркіленуге жататын мүлік пен ақша қаражаттарына жалпы сомасы 1,5 млрд теңге көлемінде қамау салынды, «Mercedes-Maybach S500» және «Lamborghini Huracan» автокөліктері алынды.
Қазіргі уақытта онлайн-казино сайты бұғатталған, төрт ұйымдастырушы халықаралық іздеуде.
1WIN онлайн-казиносының 2023 жылғы айналымы шамамен 4 млрд теңгені құрағаны көрсетілген. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, елде онлайн-казино қызметі тыйым салынған, букмекерлік қызметтер тиісті лицензия болған жағдайда ғана көрсетіледі.
Фото: ашық дереккөздерден алынған сайт скриншоты
Барлық пікірлер редакцияның алдын ала модерациясынан өтеді және бірден жарияланбайды.